Гаитидегі автоцистернаның жарылуы кезінде 60-қа жуық адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер де көп

Фото ашық дереккөзден

Гаитидегі Кап-Аитьен қаласында жанармай құйылған автоцистернаның жарылуы салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Оқиға куәгерлері жарылыс алдында жүк көлігі төңкеріліп, жергілікті тұрғындар осы сәтті пайдаланып, контейнерлерін отынмен толтыруға тырысқанын айтады.

Болжам бойынша, қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Төтенше жағдай қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуінің арқасында от ауыздықталды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің көпшілігіне аурухананың ауласында көмек көрсетілуде, өйткені медициналық мекемеде төсек-орын жетіспейді.