Батыс Қазақстандағы медициналық мекемелерді тексеру кезінде 56 мың заң бұзу дерегі әшкере болды

Автор: Azattyq Rýhy

Енді қателікке жол берген медициналық мекемелер 245 млн теңге айыппұл төлейді

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында 56 мың заң бұзу дерегі анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте белгілі болды.

Белгілі болғандай, медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты кемшіліктерге жол берген мекемелер енді 245 миллион теңге айыппұл төлейді.

Сала мамандары келтірген мәліметтерге сүйенсек, қателіктің басым бөлігі емге дейінгі диагностикалық хаттама толтыру кезінде орын алады екен. Медициналық құжаттарды рәсімдеу барысында жіберілген қателіктер де аз емес.

Биыл жалпы денсаулық сақтау саласына 82 миллиард теңге бөлінген. Оның 71 миллиарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиесілі.