Растау мерзімі 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды
«Отбасы банк» зейнетақы қаражатын қамтитын депозиттерді қандай мақсатта жұмсауға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зейнетақы қаражатын қамтитын Отбасы банк депозиттерін келесі мақсаттарға пайдалануға болады:
«Отбасы банкіндегі депозиттерді толықтыру мүмкіндігінен бөлек, Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері БЗТ көмегімен бөлек жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.
Тағы бір өзгеріс БЗТ пайдалану мақсаттарын растау мерзіміне қатысты. Ол 45 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін өзгертілді.
Егер қазіргі уақытта www.enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушылар басқа мақсат таңдаған болса, онда оны жаңа мақсатқа оңай өзгертуге болады», - делінген хабарламада.