$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тимур Сұлтанғазиев СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кеткен

Тимур Сұлтанғазиев СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: Inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Енді бұл қызметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің бұрынғы төрағасы Тимур Сұлтанғазиев атқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ол жұмыспен қамтуды үйлестіру мен мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы саласына жетекшілік ететін болады.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін хирург-дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ АҚШ-та Тюлэйн университетінде (Tulane University) денсаулық сақтау жүйесінің менеджері мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын 2006 жылы астанадағы №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастаған.

  • 2010-2013 жылдары елордада «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-да түрлі қызметтер атқарды.
  • 2013-2014 жылдары медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының президенті болды.
  • 2014-2016 жылдары «Medicare» ЖШС бас директорының орынбасары болды.
  • 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2016 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
  • 2018-2020 жылдары СҚО Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.
  • 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы лауазымында болды.

Бұған дейін жұмыспен қамтуды үйлестіру мен мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы саласына жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары