Қазақстанда өткен тәулікте 15 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылдың 13 наурызынан бері 83437 адам пневмониямен ауырды

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 15 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 14 адам емделіп шықты. 

Сонымен қатар коронавирустан тағы 12 адам көз жұмды. 

Пневмония бойынша өткен жылдың 13 наурызынан бергі көрсеткіш:

  • ауырғандар – 83437;
  • өлім жағдайы – 5188; 
  • жазылып шыққандар – 75490.