Алматы облысында екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Балалар әжелерінің үйінен ойнауға кетіп, қайта оралмаған

Алматы облысында 7-сыныптың екі оқушысы жоғалып кетті деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оқушылар Талғар ауданы Жалғамыс ауылында тұратын әжесінің үйінен ойнауға бірге шығып, содан қайтпаған. Балаларды іздеуге ауыл тұрғындары, полиция және еріктілер де шыққан. Алайда, Виталий Халтурин мен Сергей Сидельниковтың қайда екенін анықтау мүмкін болмай тұр.

Екі бала да 2006 жылы туған. Құрдас, бойлары да шамалас. Оқушылар Байсерке ауылындағы №40 мектепте оқыған. "Мен немеремді Байсеркеге қайт, анаң күтіп қалды деп жібергем. Өзім Жалғамыста тұрам. Бірақ ол үйіне жетпеді. Үш күннен бері таппай жатыр. Виталий темекі тартады, оқуы орташа, үйдегі жеті баланың төртіншісі. Өгей әкесі іс-сапарда. Өздерінің баспанасы жоқ. Жалғамыста орыс мектебі болмағандықтан, олар Байсеркеде тұрады" - дейді В. Халтуриннің әжесі Елена Александровна.