Нәрестенің анасы – 20 жаста
Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 6 кг 280 гр сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мәліметінше, сәби 40 аптада кесар тілігімен алынды.
"Анасының жағдайы жақсы, ол оның бірінші баласы. Анасы 20 жаста. Сәби анасының жанында. Баланың денсаулығында ақау жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында", - дейді орталықтағылар.
Олардың айтуынша, ол осы орталықта дүниеге келген ең ірі сәби.