Түркістан облысында 960 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден


Түркістан облысында 960 тонна «АИ-92» маркалы бензинді заңсыз жолмен Қырғызстанға өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Олар цистерналарға құйылған жанармайды Манкент станциясы арқылы газ конденсаты деп көрсетіп өткізуге әрекеттенген. Тәркіленген бензиннің жалпы сомасы – 229 млн теңге.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында бірнеше күннен бері жанар-жағармай тапшы екендігі, май құю бекеттерінде ұзынсонар кезек қалыптасқаны айтылған еді. Бензин мен дизель отыны мүлдем болмай қалған, барлары тек талонмен берген.

Ал бүгін жағдай реттелді.