Ол банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді
Елбасы «ВТБ Банкі» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Elbasy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде А.Костин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды.
А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.