Алматыда биыл жасырын түрде алкоголь өнімдерін шығаратын 12 цех анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп

Фото ашық дереккөзден

Алматыда жыл басынан бері алкоголь өнімдерін жасырын өндіретін 12 цех анықталды, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Нәтижесінде 22 қылмыстық іс қозғалған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Алматыда жыл басынан бері жасырын цехта дайындалған 125 мыңнан астам бөтелке тәркіленген. Жұмысын астыртын жүргізетіндер әсіресе салығын төлеп, заң жүзінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге кері әсерін тигізеді дейді мамандар. Салдарынан ірі кәсіпорындардың жұмысы тұралап, тауарлары өтпей қалатын көрінеді. 

«Қандай да бір шараптың заңсыз жасалғанын анықтау үшін әр бөтелкенің сыртында QR-код бейнеленген. Тұтынушылар ұялы телефонына арнайы бағдарламаны жүктеп арқылы тексеріп көруіне болады. QR-кодта тауардың тіркелгені туралы сертификаттың электронды форматы шығады. Ал егер телефонда ештеңе шықпаған жағдайда, бұл заңсыз тауар деген сөз», – дейді Қазақстан шарап жасаушылар лигасының президенті Андрей Ганжа.