«Несие кешіріледі» деп жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендер жауапқа тартылады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір осы іске байланысты тергеу амалдары басталды

Фото ашық дереккөзден

«Жұрттың барлық несиесі кешіріледі» деп әлеуметтік желілерде жалған хабарлама таратқандар жауапқа тартылады.

Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы осыған байланысты тергеу амалдарын бастады. Жалған ақпарат таратушыларға қарсы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағымданған.

 Бұған дейін Алматыда біраз адам қауесетке сеніп, дәл осы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің алдына жиылған еді. Құзырлы мекеме несие амнистиясы болады деген ақпараттың жалған екенін ескерткен болатын.

Мамандар тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырады.