Англия карантин шараларын қайта күшейтті
Ұлыбритания үкіметі сәрсенбіде елде коронавирустың «Омикрон» штаммының таралуына байланысты қосымша шектеу шараларын енгізді деп, хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BBC News-ке сілтеме жасап.
Келесі аптадан бастап Англияда covid-паспорты енгізіледі, бұл жергілікті халықтың түрлі ғимараттарға, концерттерге және басқа да қоғамдық шараларға қатысуына мүмкіндік береді. Бұған дейін Англия паспортты енгізу мүмкіндігін қарастырғанымен одан бас тартқан болатын. Алайда, Омикрон шаммынының Дельтаға қарағанда жылдам тараулына байланысты Ұлыбритания үкіметі жаңа талаптарды қайта жүзеге асырмақ. Осылайша британдықтар дүйсенбіден бастап мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге көшеді. Сондай-ақ, барлық қоғамдық жерде медициналық маска тағу қайта міндеттелмек.
Өз кезегінде Pfizer компаниясы өзінің үдеткіш вакцинасы «Омикронға» қарсы тиімді екпе болатынын мәлімдеді.
Компания өкілдері шағын зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, Pfizer-дің үш дозасы «Омикронға» қарсы антиденелердің тиісті мөлшерін қамтамасыз ететінін айтты.