Қазақстанда бір облыс қайта «қызыл аймаққа» енді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте елімізде 683 адамнан коронавирус анықталған

Хабар 24

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Ақмола облысында санитарлық эпидемиологиялық жағдай қайта нашарлаған. Сол себепті бұл өңір «қызыл аймаққа» қайта енді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда елімізде 683 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталған.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

«Жасыл аймақта»: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары.