Зеленский Тегерандағы ұшақ апатына байланысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Украина президенті ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Фото: iz.ru

«Таяу Шығыстан суыт хабар жетті. Бүгін таңертең Имам Хомейни халықаралық әуежайынан (Тегеран қаласы) ұшып шыққан украиналық әуе компанияның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортындағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқан. Қазір біздің елшілік қайғылы жағдайдың мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөніне байланысты ақпаратты нақтылап жатыр. Ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», - деді Украина президенті Зеленский facebook парақшасында.

Естеріңізге салайық, бүгін Тегеранда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 170 жолаушының бәрі қайтыс болды.