Мемлекет басшысы рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Ақорданың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген «Ақорда» хабарламасында.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жазасын өтеп жатқан бір мың азаматқа рақымшылық жасалады.