Әскерилер жұмысшылар тобын содырлармен шатастырып, оқ жаудырған
Үндістанның Нагаланд штатында 4 желтоқсан күні кешке әскери қызметкерлер кем дегенде 14 бейбіт тұрғын мен қауіпсіздік күштерінің бір қызметкерін абайсызда өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.
Әскерилер жұмысшылар тобын содырлармен шатастырып, оқ жаудырған. Оқиға салдарынан 10-нан астам азамат жарақат алды.
Нагаланд билігінің хабарлауынша кінәлілер жазасыз қалмайды. Штаттың премьер-министрі Нейфиу Рионың айтуынша, оқиға барлаудың сәтсіздігінің нәтижесі болды.
5 желтоқсанда штат тұрғындары наразылық акциясына шығып, әскери лагерьге тас лақтырған. Наразылық кезінде бір адамды атып өлтірсе, екеуі жарақат алған.