Өткен тәулікте елімізде 597 адамнан коронавирус анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 5 желтоқсанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бір өңірі ғана «қызыл» аймақта қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрица бойынша:
«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы;
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары;
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 597 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 975 150 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 17 адам көз жұмды.