Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 17 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қзіргі таңда коронавирус жұқтырған 96 пациент ауыр жағдайда жатыр

Фото: bbc.com

Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.

5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 325 адам коронавирус инфекциясынан (–21 096+ және 3 229 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 882 пациент стационарда, 19 443 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 363 адамның жағдайы ауыр,

- 96 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 61 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 3 желтоқсандағы мәлімет бойынша 95 жаңа жағдай тіркелді, 177 адам жазылып шыққан, 2 адам көз жұмды.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 82 955; 

- өлім жағдайы – 5 163;

- барлығы 74 563 адам сауығып шықты.