Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады
Оралда 20 жастағы полиция сержанты өзін өзі атып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
«3 желтоқсан күні сағат 7:40 шамасында Орал полиция басқармасының ғимаратында 20 жастағы полиция сержанты жауынгерлік қаруды алған соң бекетте өз-өзіне қол жұмсады (бекітілген табельдік қарудан оқ атқан)», - деп хабарлады полиция.
Жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен. Қызмет ету кезеңінде қолданыстағы жазалары жоқ.
«Аталған факті 03.12.2021 жылы тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.С
онымен қатар себептер мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады.Қ
Р ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етілмейді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, олар прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін)», - деп қосты БҚО ПД.