Тағы бір іздестіріліп жатқан адам Қазақстанға экстрадицияланды – Бас прокуратура

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Сергей Валерьевич Шубинді экстрадициялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шубин ақмолалық кәсіпкердің 170 000 еуро сомасын ет өңдейтін неміс жабдығын жеткізу амалы арқылы алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктелуде.

Қазақстан мен Германия арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмағанымен, Бас прокуратура айыпталушыны экстрадициялау туралы неміс тарапымен келісімге халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

Қазіргі уақытта С. Шубин Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.