Бақытжан Сағынтаев ауырып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Денсаулығына байланысты Алматыда өтіп жатқан форумға қатыса алмады

Фото ашық дереккөзден

Бақытжан Сағынтаевқа іріңді тонзиллит диагнозы қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, денсаулығына байланысты Сағынтаев 2 желтоқсанда қалада өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021 форумына қатыса алмады.

«Бақытжан Әбдірұлы үшінші күні ауруханада жатыр. Таңертең қатыса алмады (Almaty Investment Forum 2021), өйткені ол ем қабылдады. Оның іріңді тонзиллит және безгегі бар», - деді Мұқажанов.