Олимпиадалық рейтингте Елдос Сметов үздік үштікке кіреді

Автор: Azattyq Rýhy

Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді

Фото: ашық дереккөзден

23-25 қаңтар күні Израильдің Тель-Авив қаласында дзюдодан биылғы маусымның шымылдығын түретін Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келідегі Елдос Сметов олимпиадалық рейтингте үздік үштікті тұйықтап тұр. Ол жапониялық Нагаяма Рюю мен өзбекстандық Шарафуддин Луфтиллаевты алға жіберген. 

Ғұсман Қырғызбаев 8-орында. 66 келіде Ерлан Серікжанов 13-сатыда тұр. Ал Елдос Жұмақанов 20-шы орынға төмендеген. 73 келідегі Жансай Смағұлов 25, 81 келідегі Дидар Хамза 29- орында. Осы салмақта сынға түсетін Руслан Мұсаев 49-сатыда. 90 келідегі Ислам Бозбаев 18-орында. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев әзірге 35-орында тұр.