Аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп шығатын болады. Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді, онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 жылу, оңтүстікте 10-15 жылу, Түркістан облысында 20 жылуға дейін.
Тек 2 желтоқсанда ғана еліміздің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 аяз...5 жылуға дейін, күндіз 3 аяз...5 жылуға дейін, Маңғыстау облысында — 10 жылу. Республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.