1 қарашадан 25 қарашаның түніне дейін 45,1 мм жауын-шашын түсті
Елордадан 24 қарашадан 25-іне қараған түні 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«25 қарашада қар тазалауға 2000-нан астам арнайы техника мен 1900 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 24 қарашадан 25-іне қараған түні коммуналдық қызметтер 25,5 мың текше метрден астам қар шығарды. Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасады.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпараты бойынша 24 қарашаның 25-ші күні мен түнінде 25 мм жауын-шашын түскен. Елордада қараша айында жауын-шашын мөлшері 28 мм құрайды, яғни бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтанда айлық жауын-шашын мөлшері түсті», - делінген әкімдік хабарламасында.
1 қарашадан 25 қарашаның түніне дейін 45,1 мм жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 1,5 есе асады. Осы уақыт аралығында арнайы техникамен 150 мың текше метрден астам қар шығарылды.