$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада жұрттың атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Елордада жұрттың атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 26 жастағы алаяқ ұсталды. Ол елорда аумағында және Алматы мен Атырау қалаларында да қылмыстар жасағаны анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алаяқ «Бюро ЮР и Консалтинговых услуг» атты ЖШС-нің директоры болумен қатар, өзін білікті заңгер ретінде де таныстырған. Сонымен қатар, күдікті қоғамдық ұйым мүшесі болып, өзін депутаттың штаттан тыс кеңесшісі ретінде де көрсететін болған. Осылайша клиенттердің сеніміне кіріп, азаматтардың жеке деректемелерін сұрайды. Содан ол құжаттарға өз суретін сканерлеу арқылы онлайн несие рәсімдейтін болған. Ал алданған азаматтар банктерден мерзімі өткен төлемдер туралы хабарлама келіп түскеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғандарын білген», - делінген ведомство хабарламасында.

Алаяқтың айла амалдарына елорданың және басқа аймақтардың да тұрғындары түскен. Ол азаматтардың барлығы аталған күдіктіге консалтингтік қызмет алу үшін жүгінген. Осындай жәбірленушілердің бірімен алаяқ достық қарым-қатынаста бола тұра оның атына 4 онлайн-несие ресімдеген. Жәбірленушілерге келтірілген зиянның жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады.

«Жалға алынған кеңсені тінту барысында 15 жалған мөр тәркіленді. Осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін еліміздің басқа өңірлеріне сұрау жолданды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары