Алдағы күндерге ауа-райы болжамы: қар, бұрқасын және көктайғақ

Автор: Azattyq Rýhy

 7-9 қаңтарға арналған болжам

Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклонмен жауын-шашын, көбінесе қар түрінде, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі.

Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, батыстан екпінде жел және ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Суытуға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық нормаға жақын ауа температурасы күтіледі.​