Елімізде бір тәулікте 21 адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауыр халде 497 науқас жатыр

Фото: adilettv.kz

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен онымен байланысты пневмониядан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 қарашада расталған ПТР анализі бар коронавирустан (КВИ+) 16 адам қайтыс болды, тағы бес пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.

23 қарашада КВИ-дан 29 469 адам (25 323 КВИ+ және 4 146 КВИ-) ем алып жатыр, оның ішінде стационарларда – 6 281 пациент, амбулаториялық деңгейде – 23 188 пациент.

Науқастар арасында:

  • ауыр халде – 497 пациент;
  • аса ауыр халде – 131 пациент;
  • ӨЖЖ аппаратында – 91 пациент.

Айта кетейік, өткен тәулікте 769 адам коронавирус жұқтырған болса, 1482 науқас емделіп шықты.