Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 24 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша КВИ жұқтырған 488 науқас ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 20 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам қайтыс болды.

20 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 644 адам коронавирус инфекциясынан (–26 362+ және 4 282 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 472 пациент стационарда, 24 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 488 адамның жағдайы ауыр,
• 133 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.  

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 20 қарашадағы мәлімет бойынша 132 жаңа жағдай тіркелді, 258 адам жазылып шыққан, 4 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 81 854; 

- өлім жағдайы – 5112;

- барлығы 72 460 адам сауығып шықты.