6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

6 қаңтарда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің кей бөлігінде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с жетеді.

Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.