Ақтау әуежайында авиаотынды заңсыз сатқан қызметкер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған

Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында ол әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды. Олар керосинді литріне 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литріне 150-160 теңгеден сатқан.

Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.

Енді олар 3 жылға бас бостандығынан шектеледі.