Амстердамда туристерге салық салынды

Автор: Azattyq Rýhy

1 қаңтардан бастап қалада қалғысы келетін туристер күніне 3 евро төлеуі тиіс

Фото: ашық дереккөзден

Амстердамға барған туристер 1 қаңтардан бастап күнделікті қосымша салық төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, енді қалада болатын әр күн үшін турист 3 евро салық төлеуі тиіс.

«Бұған дейін туристер жалға алған бөлме бағасының 7 пайызына тең келетін салық төлейтін еді. Жаңа салық осы төлемді толықтырып тұр», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, Амстердамда 1,1 млн тұрғын бар. Қалаға жылына 17 миллионнан астам турист келеді.