Соңғы тәулікте 1554 науқас емделіп шықты
Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде коронавирустан (КВИ+) 20 адам, тағы төрт пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан (КВИ-) қайтыс болды.
Сондай-ақ, 15 қарашада дәрігерлер ковидті пневмонияның 195 жағдайын тіркеді.
19 қарашада COVID-19-дан 30 876 науқас (26 464 КВИ+ және 4 412 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде стационарларда 6 513 пациент, ал 24 363 пациент үйде емделуде.
Науқастар арасында:
Айта кетейік, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 1125 адам жұқтырса, 1554 науқас емделіп шықты.