Бұл туралы Қазгидромет хабарлады
Қызылорда, Қостанай, Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.
6 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Сол күні Шымкент қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
6 қаңтарда Түркістан қаласында кей уақытта тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал.
6 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.