Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
18-19 қарашада Антлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
«20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның ықпалымен қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді.
Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.