Қазір әуежай мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда
Алматы әуежайында авиациялық жанармай жетіспей жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.
"Авиациялық отынмен қамтамасыз етудегі үзілістерге байланысты Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар рейсін және коммерциялық жүктері бар рейстерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында техникалық қону арқылы жанар-жағармай құю рейстерін тоқтату мүмкіндігін қарастыруда. Әуежай қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайы мен бірнеше қазақстандық әуе компаниялары, атап айтқанда, Air Astana мен Qazaq Air әуе жанармайының тапшылығы туралы хабарлаған болатын. Осыған байланысты бірнеше рейс тоқтатылды.