$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте мазутты заңсыз сатқан кәсіпкер сотталды

Ол 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Шымкентте мазутты заңсыз сатқан кәсіпкер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сатқан кәсіпорын директоры сотталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сату дерегін анықтады.

 «Alma Oil Trading» ЖШС директоры Ж.Нақыпов белгісіз тұлғадан мазут сатып алып, кейіннен Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңсыз сатқан. Барлығы 17 млн теңгеден астам сомаға отын сатып алынды», - делінген хабарламада.

Сот кәсіпкерді 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
 

 

Серіктес жаңалықтары