Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

«Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы...»

Фото: sputnik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық валюта күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне  халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», - деп Президент Twitter парақшасында жазды.