Қазақстанда жыл сайын мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылады

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттады

Фото ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов Қазақстанда жыл сайын бір мыңға жуық адам ата-ана құқығынан айырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатыныс саласында жасалатын құқықбұзушылыққа қатысты талдау жүргізіліп, алкогольдік ішімдікке салыну зорлық-зомбылықтың негізгі себебі екенін көрсетті», - деді Ж.Байкенов.

Сөзін жалғай отырып, ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша медициналық мекемелерге сот 3756 адамды бағыттағанын айтып өтті.

«Жыл сайын 1 мыңға жуық осындай адам ата-ана құқығынан айырылады, - деді басқарма басшысы.