Елімізде бір тәулікте 19 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аса ауыр халде 120 науқас жатыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 13 қарашада коронавирустық инфекциядан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ден 15 адам, коронавирустық пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 12 434 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан және теріс ПТР тестінен 5097 адам қайтыс болды.

14 қарашада коронавирустық инфекцияның 1038 жаңа жағдайы анықталды. Бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 ауруының 957 537 жағдайы тіркелді, 915 369 адам емделіп шықты.

13 қарашада COVID-19 белгілері бар және теріс ПТР-тесті бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді, 88 адам жазылып шықты. Республикада барлығы коронавирустық пневмониямен 81 182 жағдай анықталды, 71 144 адам сауығып шықты.

15 қарашада COVID-19 инфекциясынан 34 675 адам (29 734 КВИ+ және 4 941 КВИ-) емделіп жатыр. Стационарларда 6 925 пациент, амбулаториялық деңгейде – 27 750 пациент бар. 

Науқастар ішінде:

  • ауыр халде – 520 науқас;
  • аса ауыр халде – 120 науқас;
  • өкпені жасанды желдету аппаратында – 104 науқас.