Ал өткен тәулікте тағы 1133 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясынан 34 972 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 6 736 пациент стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавируспен ауырып жатқан науқастар арасында:
- 503 адамның жағдайы ауыр,
- 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте еліміз бойынша 1487 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.