Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді
Қазақстан мен Кувейт арасында әуе рейстері 1 желтоқсаннан бастап ашылатын болады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.