СOVID-19 бен пневмония: бір тәулікте 33 қазақстандық қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аса ауыр жағдайда 136 науқас бар

Қазақстанда 9 қарашада коронавирустық инфекциядан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ден 29 адам, коронавирустық пневмониядан төрт адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 12 349 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5080 адам көз жұмды.

10 қарашада коронавирустық инфекцияның 1 219 жаңа жағдайы анықталды. Ал бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 инфекциясымен 952 886 адам ауырды, ал 908 126 адам емделіп шықты.

9 қарашада COVID-19 белгілері бар пневмонияның 176 жағдайы және теріс ПТР-тесті тіркелді, 212 адам емделіп шықты. Елімізде коронавирустық пневмониямен барлығы 80 753 жағдай анықталды, 70 490 адам сауығып кетті.

11 қарашада COVID-19-дан 37 594 адам (32 411 КВИ+ және 5 183 КВИ-) емделіп жатыр. Стационарларда 6 879 пациент, амбулаториялық деңгейде 30 715 пациент бар.

Науқастар арасында:

  • ауыр жағдайда – 505 науқас;
  • аса ауыр жағдайда – 136 науқас;
  • өкпені жасанды желдету аппаратында – 97 науқас.