Нұр-Сұлтанда 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл елордада 1 млн-нан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды.

Фото ашық дереккөзден

Елордада «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының аясында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылдан бастап қараусыз қалған көпір асты кеңістіктері абаттандырылды.

«Елорданың дизайн-кодын қолдана отырып, «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасының қағидаларын пайдалану кезінде жаяу жүргіншілер белсенділігін ынталандыру үшін «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшелері және «Театральный» бульвары құрылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көшелерді ұйымдастыру Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандырып, қалалық жағалаумен байланыстырды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағасындағы саябақ абаттандырылды.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында биыл Студенттер саябағында «NS street life» көше спортының колизейі орнатылды, онда түрлі жарыстар өткізіледі. Жақында «Атырау» көпірінің және «Ататүрік» атындағы саябақтың астына жаңа скейт-алаңдар салынды», - делінген хабарламада.

Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 млн-нан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды.