Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2 млн 115 мың адамға вакцина жасауға мүмкіндік береді

Фото ашық дереккөзден

Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 4 млн 230 мың доза сатып алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл 2 млн 115 мың адамға вакцина жасауға мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін емізетін әйелдер вакцинацияланады.

«Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, 34 бірлік тоңазытқыш сатып алынды, 16 өңірге жеткізілді. Бұдан басқа, қосымша 51 бірлік тоңазытқыш сатып алынды, биыл  қараша айының соңына дейін жеткізу жоспарланып отыр. 15 қарашаға дейін 379 мың доза көлемінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясын жеткізу жоспарда бар», − дейді  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы