Жол-көлік оқиғасынан үш адам жарақат алған
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында «Өскемен – Риддер» тасжолының 65-шақырымында, Зимовье ауылынан 500 метр жерде жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 жастағы «Toyota Carina» жүргізушісі Өскеменге бара жатқан. Рөлді игере алмай қалған азамат қарсы жолға шығып, 67 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Subaru Forester» көлігіне соғысқан. Апат салдарынан «Toyota Carina» көлігінің 37 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша сараптама жұмыстары жүріп жатыр. Жол апатынан жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бап, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.