Трамптың айтуынша, генерал америкалық дипломаттарға шабуылдамақшы болған
Дональд Трамп америкалық әскерлердің иран генералы Касем Сулейманиді соғысты бастау үшін емес, тоқтату үшін өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
АҚШ президентінің айтуынша, генерал америкалық дипломаттар мен әскери қызметкерлерге шабуыл дайындап жүрген. Сонымен қатар ол генералдың өлімін Сулеймани террорының соңы деп атады.
«Біз оны қылмыс орнында ұстадық. Менің бұйрығыммен Касем Сулеймани өлтірілді. Оның істеген зұлымдығы өзімен бірге кетті», - деді Дональд Трамп.