Қолданушылар он күн ішінде операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыруы тиіс
14 қаңтардан бастап Microsoft корпорациясы Windows 7 операциялық жүйесін қолдауын тоқтатады. Қолданушылар он күн ішінде операциялық жүйенің нұсқасын ауыстырув тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Microsoft компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, Windows 7 енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды.
«Windows 7 кибершабуылдың жаңа түріне төтеп бере алмайды. Ал Windows 10 жүйесін жасау кезінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қауіп-қатерлердің жаңа түріне төтеп беруге баса назар аударылды», деп жазылған хабарламада.