Баспананың ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 – 15 000 теңге
Нұр-Сұлтанда «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда. Құжаттарды тапсыру мерзімі тағы екі күнге ұзартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 4 қарашада qatysu.zhilfond.kz порталында электрондық форматта басталды. Бағдарламаға қатысушылардың көп болуына байланысты құжаттар бұрын мәлімдегендей 11 қарашаға дейін емес, 13 қарашаға дейін қабылданады», - делінген әкімдік хабарламасында.
Бүгінде тұрғын үй бағдарламасына қатысуға 2 340-қа жуық адам өтінім берген.
Естеріңізге сала кетейік, жалға берілетін тұрғын үй сатып алу және ұзарту құқығынсыз 5 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 – 15 000 теңге.
Өтінім берілгеннен кейін, оның қаралуына қарай, өтінім берушінің көрсетілген телефон нөміріне өтінімнің қазіргі мәртебесі бар SMS-хабарлама жіберіледі. Мына үш статустың бірі болуы мүмкін:
Өтінім беруші өтінімнің мәртебесімен телефонға SMS-хабарлама алғаннан кейін qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте таныса алады.
Бағдарламаға қатысты барлық сұрақ бойынша жұмыс істейтін жастарға 109 Call-орталығына (Ұялы телефоннан тегін) немесе 8-700-725-17-32 нөміріне хабарласу керек.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
Толық ақпарат пен қажетті құжаттар тізімін qatysu.zhilfond.kz порталынан алуға болады. Мұнда қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік бар, кеңесшілер онлайн жұмыс істейді.
Сондай-ақ, азаматтар ikomek109, қалалық Жастар саясаты басқармасына келесі нөмірлер бойынша жүгіне алады: +7 700 725 17 32.