Елімізде тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта төрт облыс қалды

Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасай отырып.

8 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес жағдай төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы;
  • «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.