Головкин мен Деревянченко IBF және IBO бойынша екі титул үшін күреске түскен еді
Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиндық Сергей Деревянченко арасында болған титулдық жекпе-жек – 2019 жылдың ең үздік жекпе-жегі болып танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
5 қазан күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен қос боксшының жекпе-жегін Boxingscene.com сарапшылары жоғары бағалады. Головкин мен Деревянченко IBF және IBO бойынша орташа салмақтағы екі титул үшін күреске түскен еді.
«Головкин өзінің қарсыласын әдеттегідей, бірден құлата саламын деп ойлады. Алайда оның бұл жоспары іске аспады. Екі боксшы да өздерінің тәжірибесіндегі ең ұзақ жекпе-жекті бастан өткерді. Жылдам қимылдайтын Деревянченко мен батыл Головкин 11 раунд бойы шайқасты. Бір-бірін аямай ұрғылаған спортшылар шайқасында ақыры Головкин жеңіске жетті. Екеуі де темірдей төзімділік, асқан шеберлік көрсете алды», - деп жазады басылым.
Еске салсақ, екі боксшының арасындағы жекпе-жекте Головкин нокдаунмен қарсыласын жеңіп, екі чемпиондық белбеуді иеленген болатын.